<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Бұл Құдай жаратты ғой аспан жерді</title>
<lyrics>[V1]
 Бұл Құдай жаратты ғой аспан жерді,
 Бұл Құдай жаратты ғой адамзатты
 // Адамдар дүниенің соңына еріп
 Алданып қалған екен өткіншіге! //

[V2]
 Бауырым тұр орныңнан, аш көзіңді
 Біздерді Құтқарушы Мәсіх келді
 // Ол бізбен мәңгі бірге болады екен
 Егер біз тәубе қылып, барсақ Оған! //

[V3]
 Тәңірім сүйеді екен бізді мәңгі
 Өз қанын төгіп кетті күнәң үшін
 // Біздерді тазалады Ол күнәдан
 Құтқарды бұл дүниенің азабынан! //

[V4]
 Мәсіғім алғысым көп менің Саған
 Сен ашқан жолыңменен барам Саған
 // Қолыңмен жетелеші Құдай Ұлы
 Құдаймен жарастыршы мәңгі бізді! //

[V5]
 Адамдар аш көзіңді, көр Құдайды
 Біз үшін жалғыз Ұлын берді Құдай
 // Адамзат көрмейсің бе, Құдай мейірім
 Тас болып қалған ба еді жүректерің //</lyrics>
<author>Төлегенов Ғ., Неизвестен</author>
</song>